Ашық сабақ: “Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық: тарих және қазіргі заман”.

19 қараша күні Қарағанды “Bolashaq” академиясында Ю-21-2, К-21-1, КР-21-1, ПМНО-21-2 топтарында философия ғылымдарының кандидаты, профессор Ф.Ф.Саттарованың ашық сабағы өтті. Ашық сабақтың тақырыбы: “Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық: тарих және қазіргі заман”. Ашық сабақтың мақсаты: студенттердің патриоттық сезімін, жүрегіндегі рухты ояту. Тәуелсіздіктің басты құндылық екенін түсіндіру.

Сабақ барысында Шари Қымбат, Абишев Бақдаулет, Балтабаева Наргиз “Менің Отаным-Қазақстан”тақырыбында эссе жұмысын қорғады. Саликова Мадина, Құрбанәлі Нұрай, Қанатова Жібек “Қасым Аманжолов поэзиясы-Тәуелсіздік идеясының рухани тұғыры” тақырыбы бойынша материал дайындап, талқылап өтті.

Сыздық Диляра, Кеңес Бекболат, Балтабаева Наргиз, “Тәуелсіздік – саяси-рухани құндылық: тарих және қазіргі заман”тақырыбы бойынша слайд қорғап, көптеген ақпараттармен таныстырды. Ашық сабаққа Академияның Ғылыми және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Г.А.Кадырова мен Әлеуметтік және тәрбие ісі жөніндегі проректоры Р.Н.Исмаилова қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.