3-курс студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша қорытынды онлайн конференциясы

2021 жылдың 8 сәуірінде “6В01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі” білім беру бағдарламасының 3 курс студенттерінің педагогикалық практикасы (үзілісссіз) бойынша қорытынды конференция өтті. Конференция Skype бағдарламасы бойынша online режимінде өтті.

Іс-шараға БОПмӘ-18-2, БОПмӘ-19-2, БОПмӘ-20-2 және БОПмӘ-19-2к тобының студенттері, практика бойынша әдіскер Қонысбаева Ж.М., практикаға жауапты кафедра аға оқытушысы Голомазова Е.А. және практика жетекшісі Сарбасова Қ. А. қатысты.

БОПмӘ-18-2 тобы тәжірибеден тұрғылықты жері бойынша өтті.

Студенттер 2021 жылдың 25 қаңтары мен 02 сәуір аралығында өткен педагогикалық практика бойынша өз есептерін ұсынды. Студенттер өздерінің онлайн баяндамаларында жетістіктері мен проблемалары, оқытушылық жұмыста болған әсерлері туралы айтып берді. Олардың пікірінше, әдіскерлердің, тәжірибе жетекшілерінің қолдауы өте маңызды болды.

Осы конференция қорытындысы есеп беру құжаттарының нәтижесі бойынша студенттердің қорытынды бағасы жарияланды. Осылайша, студенттердің практикадан сәтті өткенін атап өтуге болады.

Практика жетекшісі Сарбасова К. А.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.