«Мектепке дейінгі және бастауыш оқыту» кафедрасының 6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» БББбойынша күндізгі оқу нысаны студенттерінің дипломдық жұмыстарын On-line алдын ала қорғау

Дипломды алдын ала қорғау – бұл тексерудің міндетті кезеңі. Онда дипломдық жұмыстың дайындығы ғана емес, сонымен қатар студенттің өзі де тексеріледі. Шын мәнінде, қорғауда үлкен қиындық туғызу емес, маңызды іс-шараға психологиялық тұрғыдан көңіл бөлу керек. Дайындық кезеңдерінің бірі ретінде әрбір студент дипломды алдын ала қорғау рәсімінен өтуі тиіс.

Іс жүзінде дипломды алдын ала қорғау негізгі іс-шараның басты дайындығы болып табылады (дипломдық жұмысты ұсыну). Дипломдық жұмыс алдын ала қорғау процедурасы студенттердің қатысуымен және ғылыми жетекшінің міндетті түрде болуымен жүргізіледі. Табысты қорғау – бұл дипломдық жұмыстың өзі кедергісіз тапсырылатын 90% кепілдік.

2020 жылдың 12 мамырында 6В01201-«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасы бойынша күндізгі оқу нысанының ДОВ-16-2 тобының студенттері дипломдық жұмыстарын алдын ала қорғады:

Студенттің аты-жөніТопДипломдық жұмыстың тақырыптарыҒылыми жетекшінің аты жөні
1Қайыржанова Дарина СерікболқызыДОВ-16-2Бейнелеу өнеріндегі аппликация сабағы арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың бойында полимәдениетті қалыптастыруп.ғ.м., аға оқытушы Бакарамова Сымбат Амангелдиевна
2Қордабай Мөлдір АмангелдіқызыДОВ-16-2Мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған орта арқылы табиғатпен таныстыру жолдарып.ғ.к., доцент Шалтаева Роза Жиембаевна
3Камкат Аружан ТайтөлекқызыДОВ-16-2Ересек топ  балаларының тілдерін  картиналар және көрнекі құралдар арқылы дамыту негіздеріп.ғ.м., аға оқытушы Жанысбаева Роза Мазраповна

    Диплом алды қорғауға  кафедра оқытушылары: Шалтаева Р. Ж., Сарбасова К. А., Жанысбаева Р. М., Бакарамова С. А., сонымен қатар ОӘБ практика бойынша маманы Қонысбаева Ж. М. қатысты.

       Бітіруші курс студенттері белгіленген уақытта Skype-қа шықты. Студенттер дипломдық жұмыстар бойынша презентациялар негізінде баяндама жасады. Оқытушылар жұмыс тақырыптары бойынша сұрақтар қойды.

Студенттер өздерінің зерттеу жұмыстары бойынша барлық сұрақтарға жауап берді. Алдын ала қорғау өте жақсы деңгейде өтті.Кафедра оқытушылары дипломалды қорғау бойынша студенттердің жұмысына оң баға беріп, студенттерге дипломдық жұмыстарды қорғауда табыс тіледі.

                                                             аға оқытушы Сарбасова К.А.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.