“Еңбек Жолы” республикалық байқауы

Үздік еңбек әулеті мен өндіріс қызметкерлерін айқындау, жастарды еңбекке құрметпен қарау рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі “Еңбек жолы” Республикалық конкурсының басталғаны туралы жариялады.

Конкурс қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін арттыруға және “Жалпыға ортақ еңбек қоғамы” қамқорлығымен еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал ететін болады.
Конкурсқа кәсіпорындардың барлық қызметкерлері қатыса алады (қай саладан екеніне байланысты емес)
Байқау 3 номинациядан тұрады:
1) “Үздік еңбек әулеті” – ең ұзақ еңбек өтілі бар, ең көп марапаттарға ие әулет таңдалады;
2) “Өндірістің үздік жас қызметкері” – 5 жылдан аспайтын жұмыс өтілі бар өндірістің белсенді және еңбекқор қызметкері таңдалады;
3) “Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері” – кемінде 20 жыл жұмыс өтілі бар жоғары нәтижедегі тәлімгер таңдалады.


Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 10 маусымға дейін “Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ-де (Қарағанды қ., Поспелов к-сі, 16 No10 кабинет, анықтама телефоны: 56-72-27) жүзеге асырылады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.