Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы К-20-1 тобының студенттері, 23.01.2023-12.05.2023ж. аралығында «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында педагогикалық (үзіліссіз) практикадан  өтті. 4 айға жуық уақытта мектептің тыныс-тіршілігімен толық танысып, болашаққа қажет  тәжірибе жинақтады. Өздеріне жүктелген міндетті жауапкершілікпен орындаған студенттеріміз: Мұратхан Әужан, Рамазанова Аружан, Оразхан Айкенже, Төкен Мөлдір, Шокпарова Алуа, Рашид Дильназ, Әбдірейім Қанағат. Білім ордасынан жетекшілік еткен ұстаздар: И.К.Акижанова, Қ.Б.Жақсыбаева, А.К.Адепбаева.  Студенттер оқушылармен қалай жұмыс жүргізу керек екенін, сабақ жоспарын тиімді құру жолдарын, талапқа сай ТЖБ/БЖБ-ның құрастыруды үйреніп, теориялық білімдерін практикамен ұштастырды.

Күнделікті жұмыстардан бөлек, 10 «А» сынып оқушыларын «Алаш ұлыларының тағлымы – ұрпаққа өнеге» тақырыбындағы дәстүрлі ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға даярлап, жетекшілік етті. Сондай-ақ, 12 мамыр күні Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған 8«В» сыныбымен PBL сабағын ұйымдастырды. Сабақ барысында көрініс қойылып, Мағжан өлеңдері жатқа оқылды. Интеллектуалды сұрақтар қойылып оқушылар мен көрермендердің білімі сыналды. «Bolashaq» Академиясының студенттері белсене ат салысты. PBL сабаққа қатысқан мектеп әкімшілігі, кітапхана қызметкерлері, ұстаздар мен оқушылар тағылымы мол сабақтан үлкен ғибрат алып, рухани байып қатты.

 «Мұғалім – мектептің жүрегі» дегендей, студенттеріміз мектептегі оқу процесін жандандыру, жайлы атмосфера орнату мұғалімге байланысты болатынына куә болып, өздерінің білімі мен біліктілігін шыңдап, әдістеме саласында мол тәжірибе алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.