«Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбындағы кураторлық сағат

2022 жылғы 18 қарашада Педагогика кафедрасының эдвайзері В.А.Байбекова және С.К.Мекадилова ПиП-19-2, ПиП-20-2, ПиП-22-2,  ПМНО-20-2 тобының студенттерімен «Қазақстан Республикасының рәміздері» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.

Кураторлық сағаттың мақсаты: Қазақстан Республикасы жастарының бойындағы  ұлт-жандылықты нығайту, олардың патриоттық сезімі мен отансүйгіштік қасиетін нығайту, рәміздерімізді құрметтеуге тәрбиелеу.

Кураторлық сағат барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін алу тарихы талқыланды, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының маңызды тарихи кезеңдері атап көрсетілді, сондай-ақ еліміздің тарихының маңызды сәттерін білуге арналған викторина өткізілді, викторинада төмендегідей сұрақтар қолданылды:

ҚР тәуелсіздігін алу күнін атаңыз?

Ұлттық валюта -теңге қай жылы қолданысқа енгізілді?

ҚР Бірінші Конституциясы қашан бекітілді?

ҚР Мемлекеттік әнұраны қай жылы қабылданды?

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.