Шет тілдері және МК кафедрасының кураторлық сағаты

7 қазанда күндізгі бөлім студенттері үшін “Мұғалімдер күні” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Шет тілдері және МК кафедрасының жетекші аға оқытушысы Маербекова Аида Ерланқызы студенттерді мерекенің және “мұғалім” сөздерінің пайда болу тарихымен таныстырды. Мұғалім мерекеге арналған слайд-презентация мен бейнероликтерді айшықты және көрнекі түрде ұсынды.
Кураторлық сағат барысында студенттер сөз сөйлеп, мұғалімдер күніне арналған әндерімен-Құттымұратов Ерасыл ИН-21-2К (2 курс), шет тіліндегі өлеңдерімен – Кенжеева Дана және Ахылбек Ляйля ИН-22-2 (1 курс), бейне-құттықтаумен-ИН-20-1 тобының студенттері (3 курс), өз өнерлерін көрсетті.
Кураторлық сағат өте белсенді, танымдық түрде өтті және студенттерді оқуда одан әрі жетістіктерге жетуге шабыттандырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.