A Letter from Myself in 2030

3 жыл қатарынан Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері Жастарға арналған халықаралық эссе байқауына қатысып жүр(2020 International Essay Contest for Young People).

Осы жылы студенттер “A Letter from Myself in 2030” тақырыбында эссе жазады. Олар өз өмірін, қоғамдағы рөлін сипаттай отырып, 2020 жылдан 2030-ға, яғни болашаққа хат жазады. Эссені ағылшын, француз, неміс және жапон тілдерінде жазуға болады. Эссе талаптарына сай келетін барлық қатысушылар сертификаттарымен марапатталады.

Оқытушылар осы іс-шараға қосқан үлесі үшін сертификат алады. Соңғы қорытындылар 2020 жылдың 31 қазанына дейін шығарылады. Оның нәтижелері бойынша әлемнің барлық елдерінен 33 қатысушының ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндігі бар. Біздің студенттер басқа елдерден келген өз замандастарына лайықты қарсылас бола алады деп үміттенеміз және оларға жеңіс тілейміз.

ТжӘИ кафедрасының аға оқытушысы Калижанова А. Н.

Старший преподаватель кафедры ИЯиМК Калижанова А.Н.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.