«Заң мен тәртіп» жобасы аясында студенттермен кездесу өтті

15 қыркүйек күні «Bolashaq» Академиясында «Заң мен тәртіп» ақпараттық-профилактикалық жобасы аясында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша 1 және 2 курс студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, студенттерге құқықтары мен міндеттері, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы және құқық бұзушылықтың салдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.