📣 Ағымдағы жылдың 14-16 сәуір күндері «Жаңа Қазақстан құрудағы жастардың рөлі» атты XVIII Қазақстан студенттері Альянсының шақырылымы өтетіндігі туралы хабарлаймыз!

⠀
📍Өтетін орны және форматы: Нұр-Сұлтан қ., Astana IT University, оффлайн түрде;
⠀
✅Шақырылым барысында Мемлекет басшысының “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып, студенттер арасында футболдан турнир, қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, team-building, 2021 жылдың қорытындысы бойынша жастардың үздік өкілдерін марапаттау және т.б. шаралар өтеді.
🤓Қатысушылар: 300-ден астам еліміздің белсенді студент жастары (Студенттер мәселелері жөніндегі Кеңес, Студенттік Парламент, Жастар ісі жөніндегі комитет, Қазақстан студенттері Альянсының облыстық филиал төрағалары мен мүшелері).
🇰🇿Шақырылымға ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттары, Саяси партия, Министрліктер мен бизнес-сектор басшылары, өкілдері және т.б. қонақ болып қатысып, жастармен еркін форматта жүздесуі жоспарлануда.
📌Толығырақ ақпарат: 87007950201 Азат, 87086788434 Амина.