“Рухани жаңғыру ” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар

“Рухани жаңғыру” КЕАҚ “Қазақстандық қоғамдық даму институты” “Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту” бағдарламасын іске асыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

“Рухани жаңғыру” КЕАҚ Қазақстандық қоғамдық даму институты құрылымында:

-Қызметінің негізгі мақсаты “Рухани жаңғыру” бағдарламасының негізгі басымдықтарын тиімді іске асыруды талдамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылатын “Рухани жаңғыру”орталығы. Орталықтың құрамына бағдарлама жобаларын басқару және талдау және әдістемелік қамтамасыз ету басқармасы кіреді.Қоғамды жаңғыртудың әлеуметтанушылық зерттеулер орталығы “Рухани жаңғыру”бағдарламасын іске асыруға қатысты түрлі тақырыптар бойынша сандық және сапалық әлеуметтанушылық зерттеулерді ұйымдастырумен және жүргізумен айналысады.

-Отбасы институтын зерделеу жөніндегі орталық әлеуметтік институт ретінде отбасының проблемалық аспектілерін шешу; Қазақстанның отбасылық саясатын әдістемелік базамен қамтамасыз ету және құзыреттілік деңгейін арттыру бойынша зерттеулер, талдау және ұсынымдар әзірлеуді жүргізеді.

-Қоғамдық процестерді зерттеу орталығы азаматтық қоғамды дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын зерделеумен айналысады; “Рухани Жаңғыру”мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесуді жүзеге асырады.

-“Жастар “ғылыми-зерттеу орталығы” ЖШС мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етеді.

Әдістемелік ұсынымдармен “Әдістемелік ұсынымдар” сілтемесі бойынша танысуға болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.