АБАЙЛАҢЫЗ: ИТ ҚҰТЫРУЫ

Құтыру-бұл жұқтырған жануардың тістеуінен кейін пайда болатын, жүйке жүйесінің ауыр зақымдалуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Арнайы емдеу болмаған жағдайда науқастың өліміне әкеледі. Құтыру вирусының көзіне жабайы да, үй жануарлары да жатады. Жабайы қасқырлар, түлкілер, қорқаулар, жанаттар, борсықтар, сасықиістілер, жарқанаттар, кеміргіштер, ал үй жануарларына – иттер, мысықтар, жылқылар, шошқалар, ұсақ және ірі қара малдар жатады. Көбінесе құтыру ауруымен ауыратын жануарларды сілекей мен көзінен жас ағуы арқылы, сондай – ақ судан қорқу белгілерін байқау арқылы ажыратуға болады.

Адамға инфекцияның жұғуы “құтырған” жануар тістеген кезде, сондай-ақ, ауру жануардың сілекейі зақымдалған теріге немесе шырышты қабыққа түскен кезде пайда болады.

Құтыру ауруына қарсы емдеу әдістері жоқ. Қазіргі уақытта қолданылатын вакциналар әдетте 6 рет енгізіледі: инъекциялар дәрігерге қаралған күні (0 күн), содан кейін 3, 7, 14, 30 және 90 күндері жасалады. Егер тістеген жануарларға бақылау орнатылса және тістегеннен кейін 10 күн ішінде ол сау болып қалса, онда одан әрі инъекциялар тоқтатылады.

Егер сізді ауру жануар тістеп алса не істеуіңіз керек?-

– тістеген жерді дереу сабынмен жуыңыз. 10 минут ішінде өте қарқынды жуу керек;

-жараларды емдеудің немесе тігіс салудың қажеті жоқ;

-қысқа мерзімде жақын маңдағы жарақат пунктіне жүгініңіз, өйткені құтырмаға қарсы вакцинаның сәтті болуы сіздің дәрігерден қаншалықты тез көмек сұрағаныңызға байланысты.

Егер тіпті сізді өзіңіздің итіңіз, мысығыңыз немесе басқа үй жануарыңыз тістеген болса да, бірақ сіз оны егу уақытылы жасалғанына сенімді болмасаңыз, дәрігермен кеңесіп , жануарды ветеринарлық клиникаға тексертіп , егу үш жеткізіңіз.

Құтырудың алдын алу шаралары :-

-үй иттері мен мысықтарын ұстау ережелерін сақтау-ветеринариялық қызметте тіркеу және есепке алу;

-иттер мен мысықтардың құтыруына қарсы жыл сайынғы міндетті профилактикалық иммундау;

-ауру жануарға өз бетіңізше көмек көрсетпеу ;

-балаларға басқа адамдардың иттеріне, мысықтарына және басқа жануарларға қол тигізуге тыйым салу;

-көшедегі (қаңғыбас ) жануарлармен жанасудан аулақ болу.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН ! ҚҰТЫРУ АУРУЫНАН ЖАЗЫЛЫП КЕТПЕЙДІ !

ҚҰТЫРУ ҚАУІПТІ !

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.