“Магистрлік оқулар – 2022”

2022 жылдың 18 наурызында Наурыз мейрамы қарсаңында “Bolashaq” академиясы “Магистерлік оқулар-2022” аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. Конференция жыл сайын студенттер, магистранттар, жас ғалымдар арасында өткізіледі.

Конференция on-line режимінде, ZOOM платформасы арқылы өткізілді.

Конференцияны құттықтау сөзімен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Кадырова Гүлжан Әділқызы, және Ғылыми зерттеулер және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ұйымдастыру орталығының директоры, заң ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq”академиясының доценті Серимов Елеужан Елемесұлы ашты.

Пленарлық отырыста баяндамалар жасалды:

1.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ САЛТ- ДӘСТҮР ЛЕКСИКАСЫ. Смайылова Саягул Сайлауовна, «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты. Ғылыми жетекші: Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Кенжеғалиев С.А. 

2.Мобильді қосымшалар шет тілін үйрену құралы ретінде, Вяхирева Лидия Сергеевна, “Bolashaq” академиясының “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: философия докторы (PhD). “Bolashaq” академиясының доценті Газиханова Ж. Г.

3.ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АРАСЫНДАҒЫ БАҒЫНЫСТЫЛЫҚ ТӘРТІБІНЕ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЖАРҒЫЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРҒА ҚОЛ СҰҒАТЫН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАР, Илесбеков Айдар Берікұлы,Bolashaq” академиясының “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, ғылыми жетекші, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысмағамбетова Г.М.

4.Заманауи білім берудің тәсілдері – білім сапасын арттыру кепілі, Изтулеуова Сауле Далабаевна, «Bolashaq» Академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Ресей жаратылыстану Академиясының (РЖА) профессоры, Халықаралық Ақпараттандыру Акадeмиясының Акадeмигі Абилкасимова Г.

5.ВИКТИМОЛОГИЯНЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ, ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҢ АЛДЫН АЛУДАҒЫ МАҢЫЗЫ,Құсайынова Әлия Асқарқызы, “Bolashaq” академиясының “Құқықтану” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі: заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысмағамбетова Г.М.

6.С. ТАЛЖАНОВТЫҢ ПРОЗАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК СИПАТЫ, Төлеген Көңілжан, «Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, Ғылыми жетекші: филалогия ғылымдарының кандидаты, «Bolashaq» Академиясының профессоры Сембиев К.З.

7.КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОФАЙЛИНГТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ, Гиберт Александр Николаевич, “Bolashaq” академиясының “Құқықтану” Білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, ғылыми жетекші, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Рысмағамбетова Г.М.

8.МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ШЕҢБЕРІНДЕГІ АРАЛАС ОҚЫТУДЫҢ ВАРИАТИВТІК МОДЕЛЬДЕРІ, Кебекпай Алуа Ержанқызы, “Bolashaq” академиясының “Шет тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, ғылыми жетекші, философия докторы (PhD), “Bolashaq” академиясының доценті Газиханова Ж.Г

9. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ,Нуртазина Майра Бахытовна, “Bolashaq” Академиясының “Педагогика және психология” білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, ғылыми жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” академиясының доценті Асакаева Д.С.

10. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚ МЕХАНИЗМІ, Кошмаганбетова Акнур Ерболовна, «Bolashaq» Академиясының «Қаржы» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті, ғылыми жетекшісі э.ғ.м., аға оқытушы Усувалиева З.К.

Пленарлық отырыс соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар табыс етілді.

Секция жұмысы келесі бағыттар бойынша өтті:

Құқықтану -16.

Педагогика және психология – 13

Қазақ тілі мен әдебиеті -18

Қаржы – 14

Шет тілі: екі шет тілі – 8

Конференцияға барлығы 69 мақала жіберілді.

” Bolashaq” академиясының басшылығы атынан осы шараға қатысуға шешім қабылдағандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіреміз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.