«Діни теріс ағымдар: салафизм»

21.10.2019 жылы “Bolashaq” академиясында проессор Жұмаділова Нұршат Төлеуғалиқызы студенттерге арнап «Діни теріс ағымдар: салафизм» тақырыбында дәріс өткізді.

Қазақстанда тыйым салынған діни теріс ағым – салафизм мәселесі – бүгінгі қоғамның өзекті мәселесі. Қазақстандағы салафилік идеология көбіне Сауд Арабиясы және Египетте заңсыз жолдармен білім алып келген азаматтардың уағыздарымен таралды. Лектор дәрісінде салафизмнің ғылыми негізіне, тарихына тоқтала келіп, аталмыш ағымның Орта Азияға, соның ішінде Қазақстанға қалай келгендігі туралы кеңінен мәлімет берді.

Салафизмнің жастардың санасын улап отырғанына және қазақ халқының ұлттық құндылықтарын мансұқтап, еліміздің тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отырғандығына ерекше мән берді. Қатерлі салафилік идеологияның кеңінен таралуынан, әсіресе жастардың осы ағымның қатарына көптеп кіруінен халықтың барынша қауіптенетінін ашық білдірді.

Салафизм дендеп кірген экономика салаларын атай келе, әсіресе Сәтбаев, Жезқазған, Ақтөбе, Жаңатас және т.б. өңірлердегі діни ахуалға талдау жасады. Салафизм ағымы мен ИШИМ (Сирия) арасындағы байланысқа да тоқталды. Діни теріс ағымдардан сақтану жолдары ұсынылды. Теріс ағымның өкілдерін атап, олардың уағыздарынан сақ болу керектігі ескертілді.

Студенттермен пікір алысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.