“Брейн-ринг” республикалық зияткерлік ойыны

5 сәуірде Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында “ТӘУЕЛСІЗДІК БӘРІНЕН ҚЫМБАТ” тақырыбында “Брейн-ринг” форматындағы Республикалық зияткерлік ойыны өткізілді.

Зияткерлік ойынға 21 команда қатысты.”Bolashaq” Академиясынан “Bolashaq / Big mind” командасы өнер көрсетті. Жарыстың I кезеңінде “Bolashaq / Big mind” командасы 21 команданың ішінен 3 орын, II турда 5 орын және жалпы командалық есепте 4 орын алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.