“Менің бауырым”

13 наурызда “Bolashaq” Академиясы  қабырғасында “ӨРКЕН” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының ұйымдастыруымен “Менің Бауырым” волонтерлік жобасын кезең-кезеңімен кеңейту  бойынша офлайн оқыту өтті. Оқытуды жүргізгендер:

Алматы қаласы “ӨРКЕН” балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтынан Л.А.Култаева мен Қарағанды филиалы өкілі Г.Б.Какенова.

✅Офлайн оқытуда  “Bolashaq” Академиясының еріктілер клубының мүшелері болды! Еріктілер қатарында Академия бойынша барлық білім беру бағдарламасы студенттері қатысты.

✅Бұл волонтерлік жобаның мақсаттарының бірі мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамушы білім беру ортасын құруға бағытталған әртүрлі бастамаларға студенттердің белсенді қатысуын болжайды.

✅Оқыту  барысында түрлі ойындар ойналып: Мектеп жасындағы балалардың моральдық және психикалық күйін қалай анықтау керек?  Олармен қалай жұмыс істеу керек? – деген сияқты сұрақтарға студенттер жауап алды!

✅Семинар сонында студенттер Бекзат Құнанбайдың орындауындағы “Бауыр керек” әнін шырқап, өз көңіл-күйлерін жеткізді.

🔰 “Bolashaq ” Академиясының студенттері  жастарды “Менің Бауырым” жобасына ат-салысуға шақырады🔰

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.