Кәсіби бағдар беру

2024 ж. 24 қаңтарда Фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушылары, х.ғ.к доцент Шащанова Роза Балиевна және аға оқытушы Темиреева Кумисжан Слямгазиновна Қарағанды қаласының №15 ЖББ мектебінде мектеп директорының орынбасары Бакирова Айнур Дюсенбаевнаның жетекшілігімен 10-11 сыныппар арасында кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

Жалпы оқушылар саны 10 сыныпта – 69, 11 сыныпта -57 түлек бітіреді. Шара өткізу барысында “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламасы бойынша жалпы мәлімет берілді, оқушылар оқуға құжат тапсыру ережесімен, сонымен қатар химия,биология пәндері бойынша облыстық олимпиаданың ережесімен таныстырылды. Академия туралы ақпараттық материалдар таратылды. Химия пәнін таңдаған 4 оқушы және биология пәнін таңдаған 2 оқушы грант бойынша оқуға түсе алмаған жағдайда академияға құжат тапсыратынын мәлімдеді. Оқушылардың көпшілік бөлігі техникалық ЖОО мамандығы бойынша таңдайтындарын айтты. Оқуға түсудің шекті балы, оқу ақысы туралы және т.б. сұрақтар қойылып, оқытушылар тарапынан тұшымды жауаптар берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.