Ректордың Болашақ Республикасының Үкіметімен On-line кездесуі

Оп-line режимінде “Bolashaq” академиясының ректоры профессор Қ. Н. Меңлібаевтың біздің ЖОО-ның белсенді студент жастарымен кездесуі өтті.

Ағымдағы мәселелерді талқылау үшін болашақ Республикасының Үкіметі Президент, Премьер-министр, министрлер құрамында бірінші басшылармен байланысқа шықты.


Жиналыста студенттерді қашықтықтан оқыту, Instagram әлеуметтік желісі алаңында онлайн режимінде пікір-сайыс турнирі мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Үкімет студенттерді әлеуметтік қорғау мәселелерін қозғады, атап айтқанда, материалдық жағдайы қиындық тудыратын студенттердің оқуына ақы төлеуді кейінге қалдыру мүмкіндігі талқыланды.
Сонымен қатар, СОӨЖ тоқтату мүмкіндігі, алдағы сессия, студенттердің академиялық қарыздары және т. б. мәселелер талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған