Қарағанды қаласындағы NIS білім беру ортасымен танысу!

2026 жылғы 10 қазанда сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясына келген Новосібір мемлекеттік педагогикалық университетінің (НМПУ) студенттері Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (NIS) өткен Ашық есік күніне қатысты.

Іс-шара аясында студенттер үшін кампус-тур ұйымдастырылып, оның барысында олар мектептің инфрақұрылымымен, білім беру ортасымен, заманауи оқу кеңістіктерімен және оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысты.

NIS мектебіне бару студенттер үшін кәсіби дүниетанымын кеңейтуге, білім берудегі инновациялық тәсілдермен танысуға және Қазақстанның білім беру жүйесі туралы жаңа әсер алуға тамаша мүмкіндік болды.

Мұндай іс-шаралар педагогикалық тәжірибе алмасуға, кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

Қарағанды қаласындағы NIS ұжымына жылы қабылдауы мен қызықты экскурсиясы үшін алғысымызды білдіреміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.