«Bolashaq» Академиясында денсаулықты нығайтуға бағытталған акция өтті

«Bolashaq» Академиясында түрлі аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында профилактикалық акция ұйымдастырылды.

Акция аясында Академияның медбикесі Куур Светлана Геральдовна студенттер мен қызметкерлерге дәрумендер таратып, денсаулықты күту, иммунитетті нығайту және маусымдық аурулардың алдын алу маңыздылығына назар аударды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулыққа деген жауапкершілігін арттыру, аурулардың алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру және салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру.

«Bolashaq» Академиясы ұжымы білім алушылар мен қызметкерлердің денсаулығын сақтауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.