Басқа қаладан келген студенттердің назарына!

Құрметті студенттер және ұстаздар!

2019 жылдың 15 қыркүйегінен бастап Қарағанды қаласында емханаларға тіркелу басталды.
Тегін медициналық көмек алу үшін басқа қаладан келген студенттер медициналық мекемеге тіркелуі қажет. “Bolashaq” академиясына №1 және №2 емханалар қызмет көрсетеді.
2019 жылдың 15 қарашасына дейін қалалық (Қарағанды) тіркеусіз басқа қалалардан келген студенттерді тіркеу жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша “Bolashaq” академиясының дәрігері Куур С. Г. хабарласуға болады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.