Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті» ЖБ ФМББМ делегациясы сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясына келді

2026–2027 оқу жылының күзгі семестрінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Bolashaq» Академиясына «Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті» ЖБ ФМББМ делегациясы келді.

Делегация құрамына 44.03.05 «Педагогикалық білім беру (екі даярлық бейінімен): Шетел (ағылшын) тілі және шетел тілдерін оқытудағы цифрлық технологиялар» білім беру бағдарламасының 5-курс студенттері, сондай-ақ топ жетекшісі — Шетел тілдері факультетінің ағылшын тілі кафедрасының аға оқытушысы Кшеновская Ульяна Леонидовна кірді.

2026 жылғы 12 қазанда делегацияның «Bolashaq» Академиясының ректорымен ресми кездесуі өтті. Кездесу барысында делегацияның болу бағдарламасы, өндірістік практиканы ұйымдастыру және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

Ректор қонақтарға жылы лебізін білдіріп, студенттерге практикадан сәтті өтуді, нәтижелі жұмыс пен Қарағандыда болған уақыттан жарқын әсер алуды тіледі.

Ресми кездесуден кейін өндірістік практика бойынша бағдар беру конференциясы өткізілді. Студенттер практиканың мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен, есептік құжаттарды рәсімдеуге қойылатын талаптармен, сондай-ақ олардың қызмет нәтижелерін бағалау критерийлерімен таныстырылды.

2026 жылғы 12–30 қазан аралығында студенттер Қарағанды қаласы әкімдігінің «№ 1 гимназиясы» КММ базасында өндірістік практикадан өтеді.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру кәсіби тәжірибе алмасуға, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және «Bolashaq» Академиясы мен Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.