2026 жылғы 12 қазанда Академияның Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысы өтті. Отырыста халықаралық ғылыми журналдың қызметі, 2026–2027 оқу жылына арналған ғылыми-практикалық конференцияларды өткізу кестесін бекіту, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурстарына және халықаралық конкурстарға өтінімдер дайындау мәселелері қаралды.
Халықаралық ғылыми журналдың қызметі туралы Б.Р. Хасенов баяндама жасады. Ол шілде айында «Актуальные проблемы современности» журналына e-ISSN нөмірі берілгенін, ал қыркүйек айында басылымның РМЭБ және КазИНЦ дерекқорларына енгізілгенін атап өтті. Сонымен қатар 2026 жылғы 30 қыркүйекте жарық көрген № 3 шығарылымда Түркия, Әзербайжан және Мексика ғалымдарының ғылыми мақалалары жарияланғанын хабарлады. Бұл журналдың халықаралық ғылыми ынтымақтастығын дамытудағы маңызды қадам болып табылады.
2026–2027 оқу жылына арналған ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру мәселесі бойынша Д.С. Асакаева баяндама жасады. Ол «Молодежь и глобальные проблемы современности» конференциясы 2027 жылғы 26 ақпанда өтетінін хабарлады. Сондай-ақ «Наука и образование в современном мире» конференциясын тұрақты түрде қараша айында өткізу туралы ұсыныс білдірді. Ағымдағы жылы аталған конференция 26–27 қараша күндері өтеді.
Конференцияны ұйымдастыру жұмыстарына Г.С. Копбаева жауапты болып белгіленді. Ол конференцияны дайындау және өткізу бойынша тапсырмалар тізімін әзірлегенін, алдағы уақытта оларды бөлімдер мен кафедралар арасында бөлетінін хабарлады. Сонымен қатар Д.С. Асакаева кафедраларға шетелдік ғалымдар мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғалымдарын конференцияға шақыру, олармен келіссөздер жүргізу және секциялар бойынша спикерлерді анықтау жөнінде тапсырмалар берді.
Гранттық қаржыландыру мен халықаралық конкурстарға қатысу мәселесі бойынша Б.Р. Хасенов баяндама жасады. Ол ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық қаржыландыру конкурстары, стипендиялар мен сыйлықақылар туралы ақпарат беріп, конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу тәртібін түсіндірді. Сонымен қатар шетелдік гранттық бағдарламалар мен халықаралық конкурстарға қатысу мүмкіндіктеріне тоқталды.
Отырыс барысында Академияның ғылыми қызметін дамыту, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға қатысу мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

