Өндірістік практикасы бойынша конференция

«Bolashaq» Академиясында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттеріне арналған өндірістік практика бойынша ұйымдастыру конференциясы өтті.

Кездесу барысында студенттер практиканың мақсаттары мен міндеттерімен, негізгі кезеңдерімен және есептік құжаттаманы рәсімдеу талаптарымен танысты.

2026 жылғы 30 қазанға дейін жалғасатын практика студенттердің кәсіби тәжірибе жинақтап, педагогикалық құзыреттіліктерін дамытуына мүмкіндік береді.

Студенттерге сәтті әрі нәтижелі практика тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.