Қонақ дәрісінің спикері – Қарағанды қаласындағы «Орлеу» инновациялық технологиялар орталығы» ЖШС-нің бас әзірлеушісі, ҚарТУ түлегі, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар Бауржан Атинов.

Іс-шара барысында қатысушыларға жасанды интеллектінің қазіргі әлемдегі рөлі, жұмыс істеу қағидаттары және оны әртүрлі кәсіби салаларда қолдану мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді. Әсіресе, жұмыс процестерін автоматтандыру, үлкен көлемдегі ақпаратты талдау, қабылданатын шешімдердің дәлдігін арттыру және заманауи цифрлық өнімдер жасау үшін ЖИ қолдануға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарына арналған ZanAlem жүйесінің мүмкіндіктері таныстырылды. Атап айтқанда, электрондық журнал, оқиға орнын цифрлық форматта тексеру, процестік құжаттардың үлгілері, оқытуға арналған 3D-полигон және деректерді қауіпсіз сақтау функциялары көрсетілді.

Мектепке дейінгі білім беру саласында ЖИ-агентті қолдану мәселесіне де ерекше көңіл бөлінді. Бұл құрал баланың даму деңгейін талдауға, жеке ұсыныстар әзірлеуге, сондай-ақ педагогтер мен ата-аналарға консультациялық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Дәріс қатысушыларға жасанды интеллектіні енгізудің нақты мысалдарымен, отандық заманауи IT-шешімдермен және бағдарламалық өнімдерді әзірлеудің практикалық тәжірибесімен танысуға мүмкіндік берді.