Түлекпен кездесу

Ағымдағы жылдың 14 қарашасында “Bolashaq” Академиясының қабырғасында түлекпен кездесу кеші өтті. Кешті Академия, ЖІК және “Ақпараттық пәндер” кафедрасының түлектері ұйымдастырды.

Академия Қауымдастығы Академия мен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып, арнайы кездесулер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады.

Академия түлектері қазіргі уақытта республиканың барлық өңірлерінде еңбек етуде. Бүгінгі кездесудің негізгі мақсаты-олардың елге, қоғамға сіңірген еңбегін көрсету, жастарға насихаттау. Осы орайда студенттеріміздің жоғары жетістікке жетіп, табандылығының арқасында биіктерді бағындырған түлектермен кездесуінің маңызы зор. Осындай түлектердің бірі – Ерболат Төлебаев.

Ерболат 2011-2016 жылдары Академияда “Фармация” мамандығы бойынша оқыды. Түлек бакалавриатта білімін одан әрі магистратурамен жалғастырды және қазір PhD философия докторы. Бұл үлкен жетістік.

Ерболат Төлебаевты докторлық диссертациясын табысты қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!

Кездесу кешін ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмаилова ашты, ол студенттерге кездесудің мақсатын түсіндірді. “Фармация пәндері” кафедрасының меңгерушісі Д.К. Пахомова бүгінгі кездесудің қаншалықты маңызды екендігі туралы жылы лебізін білдірді. Ерболатқа білім берген оқытушылар өз кезегінде сөз сөйлеп, одан әрі табыс тіледі.

С. К. Болдыш түлекке жылы сөзін арнай отырып, жастарды білімге, ғылымға шақырды. Ерболаттың кураторы – Теміреева К.С. түлектің студенттік жылдары қандай ерекшеліктері болғандығы және оның мақсатқа жету жолындағы табандылығы туралы айтты.

Г. Н. Тукубаева Ерболаттың алғашқы ғылыми мақаласының жетекшісі ретінде оның жауапкершілігі, ізденімпаздығы мен еңбекқорлығы туралы өз пікірін білдірді.

Өз кезегінде түлекке сөз берілді, ол академия қабырғасында болған кезде өз білімін қалай нығайтқаны, қоғамдық іс-шараларға қалай белсенді қатысқаны туралы айтты. Студенттерге естелік презентациялар-студенттік өмірден алынған бейнематериалдар ұсынылды. Академия студенті өзінің студенттік жылдарындағы қызықты оқиғаларымен бөлісті. Ол сондай-ақ ғылым жолына қалай түскені және қандай жолдармен табысқа жетуге болатыны туралы қажетті кеңестермен бөлісті.

Студенттер өз кезегінде қызықты сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды.

Қазіргі уақытта Ерболат Әбибіллайұлы КЕАҚ Қарағанды медицина университетінде, Фармация мектебінде жұмыс істейді. Ерболатты табысты қорғаумен шын жүректен құттықтаймыз. Біз сіздермен мақтанамыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.