«Тәрбиелі жас – парасатты азамат» атты республикалық форум

15 сәуірдеЛ.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ЖОО -ның тәрбие ісі жөніндегі проректорларының, Жастар ісі жөніндегі комитеттер төрағаларының, сондай – ақ студенттік ұйымдар белсенділерінің қатысуымен ҚР Білім және ғылым министрі А.К. Аймағамбетовтың қатысуымен республикалық форум өтті. Аталған іс-шараға “Bolashaq” академиясының атынан ӘТЖ жөніндегі проректор Р.Н. Исмаилова және Жастар ісі жөніндегі комитеттің маманы Қожахметов М.А. қатысты.

Қатысушыларға арналған құттықтау сөзінде министр Асхат Аймағамбетов ЖОО-дағы тәрбие жұмысына назар аударып, оны жаңа деңгейге шығару қажеттігін, жаңа Қазақстанның өркендеуі білім мен ғылымның, сондай-ақ адами капиталдың дамуымен тікелей байланысты екенін атап өтті. Форумға қатысушылар ашық микрофон кезінде ЖОО-ның тәрбие саясаты, студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмысы, студенттік кәсіпкерлікті дамыту, спорт лигаларын құру мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылады.

Форумның қорытынды бөлімінде Асхат Қанатұлы студенттер мен оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап беріп, отандық жоғары оқу орындарының жоғары бәсекеге қабілеттілігін атап өтті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.