2022 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды-Сұрыптау станциясында полиция бөлімінде идеологиялық және имидждік жұмыс аясында запастағы полковник, философия ғылымдарының докторы, Академия ЖББП кафедрасының профессоры Нәби Елікбайұлы Елікбаев “Құқықтық мәдениет: құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті дамытудың негізгі факторы ” тақырыбында дәріс оқыды. Іс-шара Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыруға байланысты. “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидасына сәйкес полиция қызметкерлері халықпен ашық диалог жүргізе білуі тиіс. Бұл үшін қызметкерлерге бірінші кезекте құқықтық мәдениет қажет. Полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениеті құндылықтардан, құқықтық идеялардан, сенімдерден, мінез-құлық нормаларынан, олардың қызметін реттеу үшін қолданылатын құқықтық дәстүрлер жүйесінен тұрады. Құқықтық мәдениет пен құқықтық сана моральмен тығыз байланысты. ЖПБ қызметкерлері ғылым докторларын қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойып, мазмұнды жауаптар алды. Мұндай кездесулер жалғаса бермек.
You may also like
Bolashaq академиясының “Қаржы” кафедрасының студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы Бізбіргеміз #Bizbergemiz челленджге қосылады Студенттер мен оқытушылар карантин кезінде жұқтырудың алдын алу шараларының маңыздылығы […]
2021 жылдың 22 қаңтарында онлайн режимінде 1 курс студенттерінің “Bolashaq”академиясының оқу-әдістемелік басқармасының қызметкерлерімен кездесуі өтті. ОӘЖ жөніндегі проректор, доцент Киреева У.Т. студенттерді […]
2022 жылдың ақпан айының 12 – шы жұлдызында «Психология, бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы ZOOM платформасында online форматта Қарағанды қаласындағы № […]
2019 жылдың 22 қарашасында жалпы білім беретін пәндер кафедрасы «100 жаңа оқулық және саяси-әлеуметтік, мәдениеттану пәндері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Кафедра […]