Оқушы болашақ мамандықты қалай таңдайды

2021 жылдың 28 қаңтарында Zoom платформасында “Ахмет Байтұрсынов атындағы №41 Гимназия” ММ-мен онлайн режимінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасының оқытушылары Бакарамова С.А., Искакова Д. М. гимназия өткізетін кәсіптік бағдар беру сағатына қосылды.

Шараға 20 оқушы қатысты.

Қатысушыларға “Bolashaq” академиясы туралы презентация түрінде ақпарат беріліп, Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы туралы айтылды.

Әңгіме соңында “Bolashaq” академиясы студенттерге ұсынатын мүмкіндіктер туралы, оларды оқу процесіне, ғылыми жұмысқа және ЖОО өмірінің басқа да салаларына тарту туралы сұрақтарға жауап берілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.