Менің алғашқы практикам

Мен,  Сембек Назерке, Қарағанды қаласы  «Bolashaq»  академиясының   «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1 курс студентімін.

Қазір мен өзімнің туған жерімде танымдық практикадан өтіп жүрмін.

Әр жастың алдында жаңа ғасыр талабына сай мамандық иесі болу  мақсаты тұр. Осы мақсатқа жетуде –  білім жолында ерінбей еңбек етіп, маңдай теріңді төгу керек. Сонда ғана адам өзінің ой-арманын, талап-тілегін тек  білім арқылы қанағаттандыра  алады. Білімсіз ешнәрсеге жол ашылмайды. Білікті болсаң ғана қоғамнан лайықты орныңды табасың.

Білімді болу бір адамның ғана мәселесі болмауы тиіс. Өйткені қазіргі кезде дамыған елдердің даму деңгейі біліммен  өлшеніп отыр. Білімсіз дамыған, қуатты мемлекет болу мүмкін емес. Сан  мың ұрпақтың ортақ мұратын ту етіп,  болашаққа  қадам басқан  біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болуы қажет. Сондықтан да әрбір жас «Мемлекет маған не береді» демей, «Елім үшін не істей аламын?» деп ойлауы керек. Сол үшін де жастар үлкен мақсат қойып, қиындықтарға мойынсынбай, елдің дамуына қажетті мамандықты меңгеру тиіс. Сонда ғана әрбір жас, елінің дамуына қандайда бір үлес қоса алады. Осы практикадан өту барысында менің де алдымда үлкен міндеттер тұрғанын жақсы түсінемін.

Практиканың бүгінгі күні тренингпен басталды.  Алдымен  «Болашаққа даму дегенімізді қалай түсінесің?»  деген  ой саларлықтай ойын өткізілді.

«Болашақта кім болғын келеді?»,    «Болашағыңды қалай елестете аласың?»  деген сауалдармен   балалар ой бөлісті.   Бір-біріне жылы лебіздерін айтты. Өз ойларын, армандарын айтты және бір-біріне қолдау көрсете білді.

«Білім – өмір шырағы» деген нақыл сөз дәл айтылған.  Білім – бұл қолдағы шырақ. Шырағын жарық жанса, өмірде адаспай мәнді де сәнді ғұмыр кешесін. Білімді болу, ол –  бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Адамның  санасы – түбі жоқ теңіз, ал білім теңіз түбіндегі гауһар тас. Сол білімнің шыңына еліміздің жастары, яғни біздер шыға аламыз  деп сенемін және осы бүлдіршіндер сияқты мен де болашақтан зор үміт күтемін.

Сембек Назерке  

Қарағанды қаласы 

«Bolashag»  академиясының        

«Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ

К-22-1 тобы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.