“Bolashaq” академиясы Жастар ісі жөніндегі комитеті студенттер арасында Қарағанды қаласының 87 жылдығына арналған “Сүйікті қала – Қарағанды” атты шығармашыл жастар фестивалін ұйымдастырды. Қатысушылар өздерін эстрадалық ән айту, мәнерлеп оқу, сурет салу, бейне ролик жанрларында сынап көрді. Басты шарт – шығармашылық жұмыстарды шахтерлер астанасына арнау керек. Студенттердің жұмыстары Instagram парақшасында жарияланды және дауыстардың, лайктардың, пікірлердің көмегімен желі қолданушылары достарына қолдау көрсетті, ал қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Қатысушылардың 27 жұмысы қаралды. Алайда жеңімпаздар саны жетеу болды. Бас жүлдені қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының 4-курс студенттері Төребаева Асыл мен Кабай Күннұр иеленді.
You may also like
2021 жылғы 17 наурызда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің заң факультеті ұйымдастырған “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат стратегиясы” тақырыбындағы […]
Фармацевтикалық пәндер кафедрасының тәжірибесі бойынша жауапты Қалдыбаева Айгүл Құдайбергенқызы жыл сайынғы “Парктер маршы – 2022” табиғатты қорғау акциясы аясында 2022 ж.22 сәуірінде […]
2023 жылғы 10 мамыр күні Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының доценті, з.ғ.к. А.М. Малдыбаев Ю-21-2 тобымен «Адалдық -адамдық белгісі» атты кураторлық сағат […]
2022 жылғы 15-16 қарашада Түркістанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Студенттер кеңесінің бірінші отырысы өтті. Бірінші отырысқа Ю 21-1 […]