«Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы ғылыми-конференция

2021 жылдың 28-қыркүйегінде ҚР Білім меценаты, «Алтын Жүрек» Ұлттық сыйлығының және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Алтынбеков Бекзат Қомарұлының демеулігімен, сондай-ақ «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі»  ММ-нің қолдауымен және «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ұйымдастыруымен М.О.Әуезов атындағы Орталық қалалық кітапханада «Әлем таныған Әуезов» тақырыбындағы ғылыми-конференция өтті.

Ғылыми-конференцияның мақсаты: Мұхтар Әуезов тағылымы және зияткер ұлт қалыптастыру мәселесі бойынша қатысушылардың шығармаларын, ғылыми зерттеулерін халыққа кеңінен насихаттап, конференцияның нәтижелерін оқырманға жеткізу.

Конференцияға академиямыздың атынан қазақ тілі мен әдебиеті білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Төребаева Асыл қатысып, жүлделі орын мен ақшалай сыйлыққа ие болды. Сонымен бірге  қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Қ.З. Сембиев әділ қазылар алқасының мүшесі ретінде, әрі конференцияға белсене қатысқаны үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.