Кеншілер мәдениет сарайында жаңа жылдық шырша

25 желтоқсан күні Қарағанды студенттерінің Альянсы, Jas Otan ЖҚ және Кеншілер мәдениет сарайы бірлесе Кеншілер мәдениет сарайы ғимаратында Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен аз қамтылған отбасы балаларына арнап Жаңа жылдық шырша ұйымдастырды.

Шараға Bolashaq академиясының “АСК” ұйымы белсене қатысты.

2 сағатқа созылған бағдарлама мерекелік концертпен басталып, балалармен әртүрлі ойындар ойнатылып, шырша айналасында әсем әуендер айтылып, көңілді би билеп жеткіншектердің көңілдерін бір серпілтіп тастады.

Балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.