“Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет ету” кураторлық сағаты

2021 жылдың 30 қаңтарында Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Online режимінде jitsi.org. платформасында кураторлық сағат өткізді. Өткізілген кураторлық сағат діни экстремизм мен терроризм мәселелеріне және оларға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналды.

Кураторлық сағат келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

  1. Толеранттылық сезімін тәрбиелеу, қоршаған шындыққа философиялық және сыни көзқарас таныта білу, рухани жетілдіруге және өзін-өзі жүзеге асыруға ықпал ету, қазақстандық патриотизм сезімін нығайту;
  2. Экстремизмнің пайда болу және таралу себептерін ашу, Қазақстанда тыйым салынған нақты орагизациялар мысалында экстремистік топтардың негізгі мақсаттарымен, белгілерімен таныстыру;
  3. Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық базасын қарастыру;
  4. Экстремизм мен терроризмге деген студенттердің дұрыс өмірлік ұстанымын нығайту.

Іс-шара жылы достық атмосферасында өтті, студенттер аталған тақырыпқа үлкен қызығушылық танытты. Пікірталас барысында студенттер қойылған сұрақтар бойынша өз білімдерімен бөлісіп, пікірлерін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.