Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі жөніндегі мәселелер” Бүкілресейлік пәнаралық ғылыми-практикалық конференциясы

15.11.2021 ж. Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университетінің қабырғасында әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институты ұйымдастырған “Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі жөніндегі мәселелер” атты Бүкілресейлік пәнаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысын әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институтының директоры М.М. Мусарский, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А. Горохов, әлеуметтік-гуманитарлық білім беру институтының құқық кафедрасының меңгерушісі А.И. Глушков кіріспе сөздерімен ашты.

Конференция қашықтық форматта өтті. Конференция жұмысы алты алаңда жүргізілді:

· 1 Секция. Ресей Федерациясындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективалары.

· 2 Секция. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат.

· 3 Секция. Экономикадағы, басқарудағы және кәсіпкерліктегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзектілігі.

· 4 Секция. Жанжал және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стратегиясы.

· Дөңгелек үстел. Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің алдын алу және жандандыру.

· Дөңгелек үстел. Қоғамтанудың мектеп курсын меңгеру шеңберінде білім алушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу.

Конференцияға 223 адам қатысты, барлығы 54 баяндама ұсынылды

“Сыбайлас жемқорлық бағытындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестің алдын алу және жандандыру” тақырыбына арналған дөңгелек үстелге қатысушылардың бірі заң пәндері кафедрасының студенті Ю-20-1С тобының студенті Жанабаев Данияр болды, ғылыми жетекшісі: Қабжанов Ақылбек Тайболатұлы. Баяндама тақырыбы “Білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі мәселелерінің алдын алу” болды. Осы дөңгелек үстелдің модераторлары мен қатысушылары біздің студенттің баяндамасын жоғары бағалады, баяндама тақырыбын қызу талқылап, көптеген сұрақтар қойды.

“Bolashaq” академиясы Данияр мен оның жетекшісі Ақылбек Тайболатұлына шығармашылық табыс және болашақта көптеген ғылыми жеңістер тілейді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.