«ТІЛ-ҚАЗЫНА – 2024» байқауының І кезеңі қорытындыланды

«Bolashaq» Академиясының «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы 2024 жылдың 12 наурызында Қарағанды, Ұлытау және т.б. облыстар мен Қарағанды қаласы орта мектептері, лицей, гимназияларының 11-сынып оқушылары арасында қашықтықтан «ТІЛ-ҚАЗЫНА –2024» байқауының бірінші кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты:

 «2024 жыл – Еріктілер жылы» аясында  тілімізді, ұлттық мүдделерімізді тың идея, жаңаша көзқарастармен насихаттау мақсатында жастар арасында сөз өнерін насихаттау, көркемсөз өнеріне шыңдау, адам бойындағы ең сұлу қасиеттерге – мейірімділік пен қамқорлыққа баулу, мамандық таңдауға ықпал ету.

Бірінші кезең  бойынша    «2024 жыл – Еріктілер жылы» тақырыбына арналған  32 эссе  өтінімімен келіп түсті. Оның ішінде:

  1. Қарағанды қаласынан – 9
  2. Теміртау қаласынан – 1
  3. Нұра ауданынан – 3
  4. Шет ауданынан – 2
  5. Қарқаралы ауданынан – 9
  6. Бұхар Жырау ауданынан – 7
  7. Ұлытау  облысынан – 1

Кафедра оқытушылары басты критерийлерді негізге ала отырып эссе жұмыстарын тексеріп, олардың арасынан үздіктерін іріктеп, екінші кезеңге жолдама берді.

Екінші кезең – 15.03.2024ж. ZOOM платформасында сағ. 10.00-де өткізіледі.(Сілтеме бір күн бұрын жіберіледі.)

Байқаудың  І кезеңінің қорытындысы бойынша

ІІ кезеңге өткен оқушылар:

Оқушының аты-жөніБілім беру ұйымы
1Бахтияр ШынарҚарағанды облысы, Нұра ауданы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебі
2Абеуова КамилаҚарағанды облысы, Нұра ауданы, Абай атындағы Шұбаркөл ЖББ мектебі
3Кадрина ЖансаяҰлытау облысы Жаңаарқа ауданы, О.Жұмабеков атындағы ЖББМ базасындағы Тірек мектебі
 4Орақбай Мәдина ҚуанышқызыҚарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылы №14 ЖББ мектебі
5Жұмагелді Ділназ МарғұланқызыҚарқаралы ауданы, Томар ауылы, №22 ЖББМ
6Ғазиз Мадина СерікқызыҚарқаралы ауданы «Қарағайлы кенті ЖББ №16 мектебі» КММ-сі
7Қасымжомарт АйзатҚарқаралы ауданы «Қарағайлы кенті ЖББ №16 мектебі» КММ-сі
8Адилбекова Нурсипат Теміртау қаласы білім бөлімінің «Әлихан Бөкейхан атындағы гимназиясы»

Байқаудың екінші кезеңіне өткен үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.