“Менің мамандығым – менің жолым” облыстық байқауының қорытындысын шығару

“Bolashaq” академиясы Қарағанды облысының білім басқармасымен бірлесіп 2021 жылдың 22-24 желтоқсан аралығында 11 сынып оқушылары үшін “Менің мамандығым – менің жолым” атты облыстық конкурс өткізді.

Байқаудың мақсаты: 11-сынып білім алушыларының педагогикалық қызметке деген қабілеттерін анықтау, сыни ойлауын дамыту және білім алушыларға болашақ мамандығы туралы өз ойларын, көзқарастары мен идеяларын айтуға мүмкіндік беру, талантты қатысушыларды анықтау.

Байқаудың міндеттері:

-болашақ мектеп түлектеріне кәсіби бағдарлануға белсенді жәрдемдесу және болашақ мамандықты таңдауға көмек көрсету;

-кәсіби педагогикалық білім берудің маңыздылығын күшейту, педагогикалық мамандықтардың беделін көтеру;

-болашақ ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметке дарынды жастарды анықтау және қолдау.

Байқауға қатысуға 189 өтінім келіп түсті. Байқау екі кезеңнен тұрды:

1 кезең-педагогикалық тақырыптағы 10 сұрақ-жағдаяттан тұратын тестілеуден өту.

2 кезең – “Болашақ мектептегі педагог” тақырыбына эссе жазу (педагогикалық ойлар).

2021 жылғы 27 желтоқсанда қорытынды шығарылып, конкурс нәтижелері салтанатты түрде жарияланды. Іс-шара онлайн режимде ZOOM платформасында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал қалған барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын-бірінші курста тегін оқуға грант (Исаханов Талмас, Ким Глеб);

2 орын – бірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдік (Соболевская Нинель, Балғабай Абай, Абдрахманов Абылай, Абылгазым Аружан, Самат Сабина);

3 орын-бірінші курста оқу ақысын төлеуге 25% жеңілдік (Тельман Алихан, Белова Алена, Дориченко Даниил, Мәкен Дана, Тұрлыбекова Дильназ, Саят Аймира, Жарылқаған Аружан, Изат Гулбаршин).

Жүлделі орындарға ие болған қатысушыларды және басқа да қатысушыларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., профессор Н. И. Храпченкова құттықтап, сайысқа белсенді қатысқаны үшін алғыс айтып, ізгі тілектерін білдірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.