«Bolashaq» Академиясының студенттері «Жастар – Заң мен тәртіптің тірегі» атты жастар форумына қатысты.

Форум барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу, сондай-ақ жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту мәселелері қозғалды.


Форум аясында «Bolashaq» Академиясының белсенді студенті Кадрин Тілеген Берекеұлының анасы және белсенді студент Тұран Расул Жанатханұлы Алғыс хаттармен марапатталды.


Марапат иелерін шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!