Республикалық Олимпиадаға қатысу

Ақпанның 16 – 17 күндері құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасының менгерушісі профессор Қабжанов Ақылбек Тайбулатұлы және доцент Серимов Елеужан Елемесұлы Қарағанды облысы білім басқармасының 2023 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша жалпы білім беретін пәндерден Республикалық Олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеніне  қатысты.

Осы жылы Олимпиаданың «Құқық негіздері» секциясына Қарағанды облысының әр өңірінен елу шақты мектеп оқушылары қатысты.Олимпиада екі кезеңмен өтті.

Бірінші кезең – тестілеу, екінші – құқықтық тапсырмаға жауап беру.

Олимпиадаға қатысушы оқушылар құқық саласына қызығушылықтарын және де ұлттық заңдылық жөнінде де білетіндіктерін қолдана алатынын дәлелдеді.

Осы кезеңнен сәтті өткендердің үздіктері Республиқалық кезеңге жолдама алды.

Меқтеп оқушыларына келесі кезенде сәттілік тілей отырып, құқық саласына қызығушылықтарын арттыра берсін дегіміз келеді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.