«6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы студенттерінің кәсіби практика бойынша қорытынды конференция есебі

Педагогикалық кәсіби практика студенттер үшін маңызды оқу үрдісінің бірі болып саналады. Педагогикалық практика кезінде студенттер барлық пәндерден алған білімдерін жалпы білім беру мектебінде іс жүзінде қолдану арқылы машықтанады. Мұғалім мамандығы – ерекше күрделі және көп қырлы мамандық. Оны жүзеге асыру үрдісінде мұғалім көптеген қиыншылықтармен кездеседі, ал оны жеңуде ол өзінің кәсіби қызметіне бейімделеді, педагогтік шеберлігін дамытады.

Бүгін 22 сәуір «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы К-16-1 бітіруші оқу тобы педагогикалық кәсіби практика есебін онлайн түрде өткізді. Топта 6 студент оқиды. Бүгінгі конференцияға академиямыздың практика бөлімінен Жұмагүл Конысбаева және кафедра доценті, практика жетекшісі Исмаилова Райхан Налжигитовна сонымен бірге кафедра меңгерушісі профессор Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысты.

Конференцияның ашылуына практика жетекшісі Райхан Налжигитовна алғы сөзбен ашты.

Практика есебі бойынша сөз К-16-1 тобының студенттеріне берілді. Қорытынды есеп беру конференциясына барлығы түгел қатысты.

Педагогикалық практика қаңтар айының 20 жұлдызынан 04 сәуірге дейінгі аралықты қамтиды.

Ең алғашқы болып Қарағанды қаласы, Майқұдық шағын ауданы, ЖББ «№36 орта мектеп» КММ мекемесінде практикадан өткен студент Сәкенова Аида практика барысын слайд арқылы көрсетіп, қорғап шықты. Практикант мектепте қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің көмекшісі болып қана қоймай, сынып жетекшінің де қызметін атқарған. 7 «ә» сыныбының жетекшісі болып тағайындалған.

Аида өзінің мектепте қандай жұмыстармен айналысып, «Абай дана, Абай дара қазақта», «Көксерек», «Ұлы даланың тұлғалары» және т.б. тақырыптардағы ашық сабақтарының жұмыстарын және фотоларын көрсетті. Аидаға  мектеп мұғалімдері мен мектеп ұжымы тарапынан «Bolashaq» академиясына алғыс жолданып, өте жоғары бағамен мінездеме жазып берілді. Аида өзінің жұмыстарын онлайн түрде және (эл.почтаға) жинақтап, тапсырды.

Келесі сөз практикант Айткенова Саягүлге берілді. Саягүл педагогикалық практикасын Новоузинка ауданы, КММ «Новоузинка ЖББОМ» мектебінде өткізді. Саягүл 6 «а» сыныбына жетекші болып, сол сыныпқа қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берген. Наурыздың 5 күні «Ана – өмір шуағы» атты ата-аналардың қатысуымен ашық сабақ өткізгенін атап өтті. Саягүлдің жетекшісі практика жұмысын жоғарғы деңгейде бағалап, мұғалім болуға деген ынтасын арттырғанын практикант зор ықылас ниетімен жеткізді.. Саягүл өзінің жұмыстарын онлайн түрде және(эл.почтаға) жинақтап, тапсырды. Саягүл сөз кезегін Ерғали Дидарға жолдады.

Ерғали Дидар педагогикалық практикасын Алматы қаласы, ЖББ «№181 орта мектепте» өткізген. Практика барысында жетекшісінен жаңа білім бағдарламасын үйренгенін атап өтті. 10 «ә» сыныбына сынып жетекшілік қызметін атқарған. Дидар Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ашық сабақ өткізген. Сонымен қатар, жоспар бойынша күнделікті сабағын өткізіп, мектеп әкімшілігі және практика жетекшісі өте жақсы бағамен мінездеме баға берген.  Дидар өзінің жұмыстарын онлайн түрде және (эл.почтаға) жинақтап, тапсырды.

Практикант Құдайбергенова Айгерім практика өту барысы, жұмыстары жайында айтып өтті. Ол Нұра кенті, Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ мекемесінде практикадан өткен. «Ана-өмірдің шуағы» атты ашық сабақ өткізгенін көрсетті. Сонымен қатар қазақ тілі және әдебиеті пәндерінен сабақ жүргізіп отырған. Оқушыларды мерекелік іс-шараларға қатыстырып, жетекшісінің бағыт-бағдарымен тәжірибе жинақтай алған. Мектеп ұжымы Айгерімнің жұмысын жоғары бағалап, өте жақсы бағамен мінездеме берген.. Айгерім өзінің жұмыстарын онлайн түрде және (эл.почтаға) жинақтап, тапсырды. Келесі сөз кезегі Ильяшева Ильмираға берілді.

Ильмира практиканы Көкшетау облысы, С.Сәдуақасов атындағы Ұялы орта мектебінде өткізді. Көптеген ашық сабақтар мен ойындар өткізу арқылы ерекше әдіс-тәсілдер қолданғанын айтып өтті. «Абай дара тұлға» атты мұғалімдердің қатысуымен ашық сабақ жүргізілген. Жаңа білім беру бағдарламасын жетекшісінен үйреніп, сол бағыт бойынша сабақ бергені жайлы айтып өтті. Ильмира өзінің практика есебін онлайн түрде және (эл.почтаға) жинақтап, тапсырды.

Шоқтай Рыскүл педагогикалық практиканың қалай өткендігі жайында баяндап берді. Ол Павлодар облысы, Сәтбаев ауданында өткендігін атап кетті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ беріп, 5 сыныпқа жетекшілік қызмет атқарған. Сыныптағы 14 оқушыға жаңа әдіс-тәсілдер арқылы бірнеше ашық сабақтар жүргізген. «Менің атым – Қожа» атты тақырыпта ашық сабақ өткізген.

Сонымен қатар «Қыз – ұлт болашағы» атты тәрбие сағатын өткізгенін де айтып кетті. Абай Құнанбаевтың өлеңдерін, қара сөздерін оқушыларға жаттатқызып отырғанын айтты. Рыскүл өзінің практика есебін онлайн түрде (эл.почта) жинақтап, тапсырды.

Барлық практиканттардың есебі тыңдала келе, кафедра бойынша практика жетекшісі Райхан Налжигитовна онлайн түрдегі практика есебінің сәтті өткеніне алғысын білдіріп, сөз кезегін кафедра меңгерушісі профессор Құрманғазы Зәкірұлына берді. Құрманғазы Зәкірұлы практиканың сәтті өткенін айта келіп, топ студенттеріне алғысын білдірді.

Қорытынды есебінде сөз кезегін академия практика бөлімінен Жұмагүл Конысбаеваға сөз берілді. Ж. Қонысбаева әр студенттің практикадан өту қорытынды есебіне өте жоғары бағасын берді. Ынта-ықыластары мол екендегін атап өтті. Топқа ешқандай теріс пікір айтылмады, практика ойдағыдай өткізілгенін баса айтып өтті. Келешекте жақсы маман иесі боларына сенімі мол екенін жолдады.  К-16-1 тобының студенттеріне және практика жетекшісі Райхан Налжигитовнаға алғысын білдірді.                    

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.