
Жаксыкельдиева Аяжан
Білім беру бағдарламасы: Қаржы, 3 курс
«Bolashaq» Студенттік Республикасы президенттігіне №1 үміткер туралы:
Белсенді, жауапкершілігі жоғары және жаңа бастамаларға ашық студент. Академиядағы түрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің дамуына өз үлесін қосып келеді.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫМ:
✓ Студенттердің үнін естірту – студенттердің ұсыныстары, идеялары мен мәселелерін жүйелі түрде көтеріп, олардың шешілуіне ықпал ету;
✓ Студенттік бастамаларды қолдау – әр студенттің өз идеясын жүзеге асыруына мүмкіндік беріп, жаңа жобалар мен бастамаларға қолдау көрсету;
✓ Студенттік өмірді жандандыру – мәдени, зияткерлік, шығармашылық, спорттық және әлеуметтік бағыттағы іс-шаралар мен жобалардың санын арттыру;
✓ Студенттік ұйымдар арасындағы байланысты нығайту – ұйымдар мен белсенді студенттердің бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасап, ортақ жобаларды көбейту;
✓ Белсенді әрі ұйымшыл орта қалыптастыру – студенттер арасында өзара қолдау, бірлік, достық және командалық рухты күшейту;
✓ Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – студенттердің қабілетін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға және өздерін түрлі бағытта сынап көруіне мүмкіндік жасау;
✓ Нақты нәтижеге жұмыс істеу – студенттердің ұсыныстарын тек тыңдап қана қоймай, оларды нақты іске асырып, әр бастаманың нәтижесін көрсету.

Жолмахан Диас
Білім беру бағдарламасы: Құқықтану, 2 курс
«Bolashaq» Студенттік Республикасы президенттігіне №2 үміткер туралы:
Белсенді, жауапкершілігі жоғары және жаңа бастамаларға ашық студент. Академиядағы түрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің дамуына өз үлесін қосып келеді.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫМ:
✓ Студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау және олардың ұсыныстарының естілуіне жағдай жасау;
✓ Студенттер мен университет әкімшілігі арасындағы байланысты нығайту;
✓Академияның қоғамдық, мәдени, ғылыми және спорттық өмірін жандандыратын жаңа жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру;
✓ Студенттік ұйымдар арасындағы байланысты нығайту – ұйымдар мен белсенді студенттердің бірлесіп жұмыс істеуіне жағдай жасап, ортақ жобаларды көбейту;
✓ Белсенді студенттерді қолдап, олардың бастамаларын жүзеге асыруға көмектесу;
✓ Әр студент өзін университет өмірінің маңызды мүшесі ретінде сезінетін ашық әрі ұйымшыл орта қалыптастыру.

Тұран Расул Жанатұлы
Білім беру бағдарламасы: Құқықтану, 2 курс
«Bolashaq» Студенттік Республикасы президенттігіне №3 үміткер туралы:
Академияның белсенді студенті, әр түрлі ғылыми сайыстардың жеңімпазы. “Bolashaq” академиясы “Жастар рухы” жастар қанатының жетекшісі.ді, жауапкершілігі жоғары және жаңа бастамаларға ашық студент. Академиядағы түрлі іс-шараларға белсене қатысып, студенттік өмірдің дамуына өз үлесін қосып келеді.
МЕНІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫМ:
✓ Студенттердің ұсыныстары мен идеяларын қолдау;
✓ Студенттердің ұсыныстары мен идеяларын қолдау;
✓Академияның өмірін қызықты әрі белсенді ету;
✓ Жаңа мүмкіндіктер мен жобалар ашу;
✓ Студенттер мен академия әкімшілігі арасындағы байланысты күшейту;
✓ Нақты нәтижеге жұмыс жасау.