1- қыркүйекке арналған салтанатты жиын

Құрметті бірінші курс студенттері, сіздерді “Bolashaq” Академиясына түсулеріңізбен құттықтаймыз! Алдарыңызда – Академия қабырғасындағы жарқын сәттерге толы ұмытылмас студенттік шақ!

Жаңа оқу жылының басына орайластырылған дәстүрлі салтанатты кездесу 1 қыркүйекте өтті.

Жаңа студенттерге арналған салтанатты жиналыс корпустың мәжіліс залында ұйымдастырылды.

Іс-шара Академия ректоры Г.М. Рысмағамбетованың, академиялық мәселелер жөніндегі проректор С. Б. Бекжанованың және ӘТЖ проректоры Р.Н. Исмайлованың, сондай-ақ Академия кафедралары меңгерушілерінің құттықтау сөзімен ашылды.

Іс-шара барысында академияның жоғары курс студенттері 1 курс студенттерімен танысып, оларға музыкалық нөмірлер дайындады, ал іс-шара соңында жаңадан келген студенттер “Bolashaq” Академиясының брендтік принті басылған футболкаларымен және балмұздақпен марапатталды.

Концерттен кейін студенттер кураторлармен кездесті, олардан өздеріне қатысты барлық сұрақтарға жауап алды және оқу процесіне қатысты мәліметтерді анықтап білді.

Сонымен қатар, корпус бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Студенттер кафедралармен, зертханалармен, кітапханамен және басқа да оқу және ғылыми нысандармен танысты. Мұндай экскурсия студенттерге олар үшін қандай мүмкіндіктер бар екенін жақсы түсінуге көмектесті.

Сіздерге “Bolashaq” Академиясында уақыттарыңыздың жақсы өтуін және табысты болашақ тілейміз!

Сабақтар кесте бойынша 4 қыркүйектен басталады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.