Облыстың жастар ресурстық орталығының өкілдерімен кездесу

Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының ақпараттық-насихаттау тобы “Bolashaq”академиясының студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Елбасының Жолдаулары, жастар саласына қатысты мемлекеттік бағдарламалар, мүдделі мемлекеттік органдардың құзыретті мамандарын тарта отырып, түсіндірілді.

Қарағанды қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы Аймаганбетов Дидар Махшатұлы “Жастар тәжірибесі” бағдарламасы бойынша сөз сөйледі, “Атамекен” кәсіпкерлер палатасының маманы Кузбагарова Асем Габдулсагатовна “Бастау бизнес” бағдарламасы бойынша студенттер алдында сөз сөйледі, Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығының ақпараттық қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімінің басшысы Әубәкірова Сымбат Қайратқызы жастар ресурстық орталығының, “Good Zone” коворкингінің, “VolteQ”еріктілер корпусының қызметі туралы айтып берді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.