Академияның ҒТК отырысы

2023 жылғы 17 мамырда академияның ҒТК кезекті отырысы (№6) өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.

“Қазіргі әлемдегі ғылым және білім” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізудің қорытындылары туралы” ҒТК төрағасының орынбасары з.ғ. к. Е.Е.. Серімов баяндама жасады.
Содан кейін 2022-2023 оқу жылындағы ҒЗЖ және СҒЗЖ бойынша жауапты кафедралардың ҒЗЖ және СҒЗЖ-ның орындалуы және ғылыми студенттік үйірмелердің қорытындылары туралы тыңдалды.

Д.А. Абдакимованың “Халықаралық зияткерлік меншік құқығының көздері” тақырыбындағы монографиялары, А.Е. Жартыбаевтың “Қарқаралы өңірі топонимикасы”, сондай – ақ Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының “Қазақ-Алтай филологиясы” ұжымдық монографиясы және олардың ашық баспасөзде жариялауға ұсыныстары талқыланды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.