“Өзіңді таны” Психологиялық қызмет-клубының жұмысы туралы

Психологиялық қызмет пен “Өзіңді таны” клубының жұмыс жоспарын орындау аясында 2023 жылғы 30 қарашада студенттерге “Өзіңмен үйлесімді болу” тақырыбында тренинг өтті. Тренингті Абдрахманова Алуа Сабитова студенттерді эриксон гипнозының әдістерін қолдана отырып, эмоционалды және физикалық стрессті жеңілдету әдістерімен таныстыру мақсатында өткізді.

Пип-20-1 және ИН-23-1 топтарының студенттері эриксондық гипноз техникасының құрылу тарихын құлшыныспен тыңдады, белгілі психолог және осы бағытты жасаушы М.Эриксонның қиын өмірбаянын білді. Сонымен қатар, олар бұл техниканың релаксация мен визуализацияға әсерін сезінді.

Қызметтің жұмысы жалғасуда және барлық ниет білдірушілерді психологиялық әдістердің ерекшеліктерін іс жүзінде білуге шақырамыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.