Студенттер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

29 қараша күні “Bolashaq” Академиясында үстел теннисінен жарыс өтті.

Басты мақсат – студенттерге салауатты өмір салтын насихаттау, осы бір ерекше спорт түрін дамыту.

Бұл жарысқа студенттерден бөлек оқытушылар да қызығушылық танытып, қатысқан болатын.

Қыздар арасында өткен жарыстан 1 – орынды  ЖКБББ маманы  Ардақ Жұмаханқызы,2-орынды Ю-21-1 тобының студенті Гартман Зинаида,3 – орынды Ю-21-1 тобының студенті  Гиберт Ксения иеленді.

Ұлдар арасындағы жарыстан 1 – орынды Ю-21-2 тобының студенті Марат Нұрболат,2 – орынды Ю-21-2 тобының студенті Кеңес Бекболат,3 – орынды Ю-21-2 тобының студенті Оралов Жанас иеленді.

Осындай спорттық іс-шараға белсене қатысқан студенттерге және оқытушыларға алғыс айтамыз.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.