Студенттермен кездесу өтті

2022 жылғы 14 қазанда құқықтық және қаржы пәндері кафедрасының меңгерушісі з.ғ.к., профессор А.Т. Қабжанов Ю-20-1, Ю-20-1к топтарының студенттерімен кездесу өткізді.  Ақылбек Тайбулатұлы кәсіби қызметте бәсекеге қабілеттілікті, ұтқырлықты, әлеуметтік бағдарлануды қамтамасыз ететін білім берудің маңыздылығына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ студенттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” заңға сәйкес дайындалған арнайы бейне-роликті тамашалады.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.