29 сәуір күні, Ташкент Низами атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Түркі тілдері мен әдебиетін оқыту: инновациялық тәсілдер, озық әдістер және практикалық тәжірибелер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.


Халықаралық деңгейдегі конференцияға Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының танымал ғалымдары қатысты.
Конференцияның пленарлық мәжілісінде «Bolashaq» Академиясының профессоры Қ.З. Сембиев мазмұнды баяндама жасап, түркітану саласындағы өзекті мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ секциялық мәжілісте кафедра оқытушылары Р.Н. Исмаилова мен Н.К. Касетова өздерінің ғылыми зерттеулерімен бөлісіп, оқытудың жаңа әдістемелері мен практикалық тәжірибелерін ортаға салды.

Бұл конференция – түркі дүниесінің рухани тұтастығын нығайту жолындағы тағы бір маңызды қадам болды. Түркі әлемінің болашағы – білім мен инновацияда!