Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына орай «Bolashaq»  академиясы студенттері арасында ұйымдастырылған  «Ахмет оқулары» атты онлайн мәнерлеп өлең оқу  сайысы.

   «Bolashaq»  академиясы студенттері арасында Ахмет Байтұрсынұлының – 150 жылдығына орай  «Ахмет оқулары» атты онлайн мәнерлеп өлең оқу  сайысы өткізіледі.

Мақсаты: Ұлт  ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын жастар арасында кеңінен дәріптеу.                                     

                                      БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ :

Байқауға қатысу үшін үміткерге қойылатын талаптар:

  • Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу;
  • Бейнероликтің басында студенттің аты-жөні және тобы айтылуы тиіс.
  • Бейнероликте музыкалық өңдеу, визуалды сүйемелдеу рұқсат етіледі;
  • Бейнеролик сапалы әрі эстетикалық талаптар сақталуы тиіс;
  • Бейнероликтің ұзақтығы  2 (екі) минуттан аспауы тиіс;
  • Бейнеролик телеграмм қосымшасы арқылы жіберілуі керек.


                                      БАЙҚАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ:

  • Жіберілген материалдар “Bolashaq”академиясының инстаграм желісіне салынады  @academy_bolashaq;
  • Жеңімпаздар әділ қазылар алқасының шешімі бойынша  лайк пен коммент саны бойынша анықталатын болады.

Байқау ережелеріне қосымша: Конкурстық комиссия дауыс беру процесін қадағалайды, егер  лайк немесе комментарийлерді боттар арқылы дауыс жиналғаны анықталған жағдайда комиссия бәсекелестік шарттарын бұзғаны үшін қатысушыларды байқаудан шеттету туралы шешім қабылдайды.

Өткізілу мерзімі: 01.02.2022-10.02.2022.

8 707 622 43 52
материалдар осы нөмер бойынша  телеграмм қосымшасы арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 8 (707)622 4352; 8 (747) 534 1391; 8 (775) 989 1054 (қосымша ақпараттарды осы байланыс телефондары арқылы біле аласыздар).

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.