«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы сенбілік өтті

25 сәуір күні «Bolashaq» Академиясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға бухгалтерия, кадр бөлімі, кітапхана қызметкерлері және жалпы білім беру пәндері кафедрасы белсенді қатысты.

Сенбілік барысында Академия ғимаратының ішкі аумағында тазалық жұмыстары жүргізіліп, кабинеттер мен ортақ пайдаланылатын кеңістіктер ретке келтірілді. Қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды мұқият тазалап, білім ордасының таза әрі жайлы болуына үлес қосты.

Аталған шара ұжымдық бірлікті нығайтып қана қоймай, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Осындай бастамалар оқу орнының тазалығы мен тәртібін сақтауға, сондай-ақ экологиялық жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.